13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «1 маусым- балаларды қорғау күніне» және оқу жылының аяқталуына орайластырылған соңғы қоңырау шарасы аталып өтті.

Түлкібас ауданы, Қарағашты ауылында орналасқан Дауан жалпы орта мектебінде «Балалық шақ әлемі — қандай ғажап!» 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен және «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» мектеппен қоштасу салтанатты жиыны да қоса аталып өтті.

Жиынға Түлкібас ауданының әкімі Ізтлеуов Нұржан Жақсылықұлы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы және ардагер ұстаздар мен қонақтар қатысты. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов өз сөзінде, Егемендік алғалы 32 жылда ауданда 30-дан астам мектеп, 34-тен астам балабақшалар салынып, ел игілігіне берілгенін айта келіп, мектеп бітіруші түлектерге мектепте алған жақсы білімдерінің арқасында өздерінің қалаған жоғары оқу орнына түсіп, елімізге қажетті маман иесі болуларына сәттілік тіледі.

Жалпы Түлкібас ауданында 1354 оқушы мектеп бітірді. Оның 1179-ы алда өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Ал, 58 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арнап шығарған арнау өлең, ән — жырларымен жалғасын тапты. Мектеп бітіруші түлектерге балғын 1- сынып оқушылары сәт сапар тілеп, өздерінің өлең-жырларын оқып, кеш көркін қыздыра түсті.

Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп түлектері ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын жоғары дәрежеде өтті.

Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені — 21 065. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты бітірген түлектердің ішінде 1416 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.

«Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған. Қазіргі таңда тест тапсырғандар – 4357, шығармашылық емтихан тапсырғандар – 614, тестілеуге қатыспағаны – 79», — деді басқарма басшысы.

ҰБТ ережесіне сәйкес ғимаратқа кіргізу немесе тестілеу барысында тыйым салынған заттар анықталып, ғимараттан немесе тестілеуден шығарылған болса, ҰБТ-ны тапсыруға екінші мүмкіндік берілмейді.

Previous Post

«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ» ОРАЙ «BALADAY – BALALAND» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “БҰЛ ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ДЕ ЕРЕКШЕЛЕНДІ”

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі