13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ» ОРАЙ «BALADAY – BALALAND» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ» ОРАЙ «BALADAY – BALALAND»  МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда қала әкімдігі, «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубы және халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» орай «BalaDay – BalaLand» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық «Әйелдер алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева, «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова, сонымен бірге, ата-аналар мен балалар қатысты.

— Құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар және ұстаздар қауымы, сіздерді жаздың алғашқы күнімен қатар келген «Балаларды қорғау күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! «Отан отбасынан басталады» дейтін болсақ, балалар сол әрбір жанұяның, еліміздің болашағы деп білемін. Осы орайда, барлық қиындыққа төзіп, ерекше балаларды өсіріп отырған ата-аналарға да айрықша алғыс білдіргім келеді. Әрбір бала дені сау, үлкен азамат болып өсе берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, — деді балаларды мерекемен құттықтаған қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Аталған іс-шара аясында балалар алдымен асфальт пен мольбертке сурет салып, аниматорлардың шоу-бағдарламасына қатысып, көңіл көтерді. Содан соң, мерекелік іс-шара «Оқушылар сарайында» тәлім алатын және қаладағы өзге де мектептерден келген жас таланттардың концертіне ұласып, қонақтар әсем ән тыңдап, арнайы сахналанған қойылымды тамашалады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара аясында қала әкімі мен қонақтар ерекше балаларға сыйлық табыстап, барлық бүлдіршінге балмұздақ үлестірілді.

Айта кетсек, Түркістан – дарынды, білімді, өнерлі балаларымен мақтанатын ерекше өңір. Биылғы оқу жылында өңірімізде 500 мыңнан астам бала білім алды. Облысымызда 1000-шы мектеп ашылды. Ел Президентінің тікелей қолдауымен балаларға, өскелең ұрпаққа жағдай жасау үшін игі бастамалар қолға алынып жатыр. Алдағы 3 жылда облыста 96 мектеп бой көтереді. Биыл облыс мектептеріне 101 автобус бөлініп, 71-і тапсырылған болатын. Ал мерекеге орай,30 автобус берілді. Жазғы демалыста 26 мыңнан астам баланы демалыс лагерьлеріне жіберу жоспарланған. Түркістан өңірінде «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылады. Балалардың дамуына, білім алуына жан-жақты жағдай жасау жалғасады.

Previous Post

СОЗАҚ АУДАНЫНДА 937 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі