13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА 937 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ АУДАНЫНДА 937 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығындағы бірқатар білім ошақтарындағы «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен қатар өткен мектеп бітірушілердің салтанатты жиынына қатысты.

— Міне, бүгін тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап отырмыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алған бітіруші түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Балалықпен қоштасып үлкен өмірге қадам басасыздар. Алдардыңызда үлкен өмір жолы тұр. Отанымыздың озық оқу орындарында білім алып,​ еліміздің қажетті мамандық иесі атанды деп сенемін,- деді аудан басшысы.
Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында аудан мектептерінде 1-сыныпқа 1540 оқушы қабылданып, 15433 оқушы білім алды.

Бүгінгі таңда 937 оқушы мектеп бітіргелі отыр. «Алтын Белгіге» 53 оқушы, «Үздік аттестатқа» 90 оқушы үміткер ретінде ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, аудан әкімі, 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен барша бүлдіршін, балаларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені — 21 065. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты бітірген түлектердің ішінде 1416 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.

«Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған. Қазіргі таңда тест тапсырғандар – 4357, шығармашылық емтихан тапсырғандар – 614, тестілеуге қатыспағаны – 79», — деді басқарма басшысы.

ҰБТ ережесіне сәйкес ғимаратқа кіргізу немесе тестілеу барысында тыйым салынған заттар анықталып, ғимараттан немесе тестілеуден шығарылған болса, ҰБТ-ны тапсыруға екінші мүмкіндік берілмейді.

Previous Post

Түркістан облысы: «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

Next Post

«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ» ОРАЙ «BALADAY – BALALAND» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі