13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
Share on FacebookShare on Twitter

Ғасырлық тарихы бар киелі шаңырақ ата-ана мейірімі мен қамқорлығын аңсаған мыңдаған бүлдіршіндерді бауырына басып, тәрбиелеп келеді. Әр түрлі ұлттың балғындары тату-тәтті өмір сүріп, ынтымағы жарасып отыр. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қаракөз бүлдіршіндеріміздің өмір сапасын жақсарту жолында мемлекет тарапынан оңды шешімдер мен игі істер жасалынуда.

Жүз жылдық тарихы бар киелі шаңырақтан ұшқан түлектер бүгінгі таңда өмірден өз орындарын тауып, жетістіктерге жетуде.

Балғын бүлдіршіндердің ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекесі 1- Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара кең көлемде аталып өтті.

Іс-шараға Арыс ауданының бас прокуроры Сейдуалиев Талғат Сатышұлы өз ұжымымен бірге келіп, балаларды айтулы мерекемен құттықтады. Осылайша бүлдіршіндерге қызықты да, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, белсенді тәрбиеленушілерді «Алғыс хаттармен» марапаттап, сыйлықтарын табыстады. Кішкентай бүлдіршіндерді Арыс қаласындағы «Хан» ойын-сауық орталығына апарды, онда балалар түрлі ойындар ойнап, шат-күлкіге бөленді. Сонымен қатар, балаларға арнап меркелік дастархан жайылды.

Айта кетсек, Түркістан – дарынды, білімді, өнерлі балаларымен мақтанатын ерекше өңір. Биылғы оқу жылында өңірімізде 500 мыңнан астам бала білім алды. Облысымызда 1000-шы мектеп ашылды. Ел Президентінің тікелей қолдауымен балаларға, өскелең ұрпаққа жағдай жасау үшін игі бастамалар қолға алынып жатыр. Алдағы 3 жылда облыста 96 мектеп бой көтереді. Биыл облыс мектептеріне 101 автобус бөлініп, 71-і тапсырылған болатын. Ал мерекеге орай,30 автобус берілді. Жазғы демалыста 26 мыңнан астам баланы демалыс лагерьлеріне жіберу жоспарланған. Түркістан өңірінде «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылады. Балалардың дамуына, білім алуына жан-жақты жағдай жасау жалғасады.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: МЕКТЕП ҚОҢЫРАУЫ 1513 ЖАС ТҮЛЕК ҮШІН СОҢҒЫ РЕТ СОҒЫЛДЫ

Next Post

СОЗАҚ АУДАНЫНДА 937 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі