13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: МЕКТЕП ҚОҢЫРАУЫ 1513 ЖАС ТҮЛЕК ҮШІН СОҢҒЫ РЕТ СОҒЫЛДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: МЕКТЕП ҚОҢЫРАУЫ 1513 ЖАС ТҮЛЕК ҮШІН СОҢҒЫ РЕТ СОҒЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Төлеби ауданындағы Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта мектебінде қоңырау 11-сыныпты бітіруші 11 жас түлек үшін соңғы рет соғылды.

Аталмыш мектептегі «Соңғы қоңырау» мерекесіне аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев қатысты.

Шара барысында аяқталған оқу жылында айтарлықтай жетістікке жеткен мұғалімдер мен оқушылар марапатталды. Жас түлектер қоштасу вальсін биледі. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер ұстаздарына, алтын ұя мектебіне ән арнап, алғысын білдірді. Өнерлі оқушылар ән мен биден шашу шашты.
Жалпы, биыл Төлеби ауданында 11-сыныпты 1513 жас түлек, 9-сыныпты 2626 білім алушы бітіруде. Аудан бойынша 50 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» үміткер. 11-сыныптардан 145, ал 9-сыныптардан 247 бітіруші үздік аттестат алуды ниет етуде.

Түркістан облысында биыл 29 491 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш бергені — 21 065. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты бітірген түлектердің ішінде 1416 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.

«Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған. Қазіргі таңда тест тапсырғандар – 4357, шығармашылық емтихан тапсырғандар – 614, тестілеуге қатыспағаны – 79», — деді басқарма басшысы.

ҰБТ ережесіне сәйкес ғимаратқа кіргізу немесе тестілеу барысында тыйым салынған заттар анықталып, ғимараттан немесе тестілеуден шығарылған болса, ҰБТ-ны тапсыруға екінші мүмкіндік берілмейді.

Previous Post

«AMANAT» партиясы отбасы үлгісіндегі балаларды құттықтады

Next Post

Түркістан облысы: «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі