Бүгін Шардара Ауданы Ұзын-ата Ауылы «Қуаныш»бала бақшасында 1-Маусым балалар күніне орай «Бар мейіріміз — балаларға» атты іс-шара өткізілді.
Бүгінгі қуанышты мерекеде балалар өз өнерлерін ортаға салып әсем ән шырқап, би билеп көңіл көтерді. Іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев , кәсіпкер Дәулет Бектасов, ауыл әкімі Мусаев Мухан арнайы келіп қатысты.
Аудан әкімі орынбасарының ұйымдастыруымен кәсіпкер Дәулет Бектасов мырза бала бақшамыздың бүлдіршіндеріне түрлі ойыншықтар тарту етті. Балалар мен барша қызметкерлер, ата аналар дән риза болды.
Демеушілік жасаған Дәулет Бектасов бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Ал аудан әкімі орынбасары Бауыржан Шомпиев бақша сәбилері мен ата аналарды және қызметкерлерді бүгінгі мерекемен құттықтап, жүрек жарды ақ тілегін айтып, алдағы уақытта бала бақшаға жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінетінін және бақшаға кілемдер сыйға тартылатынын да айтып өтті.
«Бала бақша сәбилеріне арнайы ойыншықтар табыс етіп қуантқан кәсіпкер Дәулет Бектасов мырзаға және Бауыржан ағама ұжым атынан алғысымызды айтамыз! Осындай игі істер жасап бала бақшамыздың сәбилерін қуантып кеттіңіздер. Сіздерге көп рахмет! Сіздерді де немерелеріңіз қуанышқа бөлей берсін. Өмірде ең қымбат бала емес пе?! Әрбір отбасыдағы өсіріп отырған балаларымыздың жүздерінен күлкі кетпей, жолдары ашық, дендері сау болсын. Барша балалар бақытты болсын!»,- деді шараға қатысушылар.
Мереке соңында ата-аналар балалар мен балабақша ұжымына тілектерін айтып, сәттіліктер тіледі.
Айта кетсек, Түркістан – дарынды, білімді, өнерлі балаларымен мақтанатын ерекше өңір. Биылғы оқу жылында өңірімізде 500 мыңнан астам бала білім алды. Облысымызда 1000-шы мектеп ашылды. Ел Президентінің тікелей қолдауымен балаларға, өскелең ұрпаққа жағдай жасау үшін игі бастамалар қолға алынып жатыр. Алдағы 3 жылда облыста 96 мектеп бой көтереді. Биыл облыс мектептеріне 101 автобус бөлініп, 71-і тапсырылған болатын. Ал мерекеге орай,30 автобус берілді. Жазғы демалыста 26 мыңнан астам баланы демалыс лагерьлеріне жіберу жоспарланған. Түркістан өңірінде «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылады. Балалардың дамуына, білім алуына жан-жақты жағдай жасау жалғасады.