13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N 12 жалпы орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушысы Сырлыбек Арайлым ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің №KZ25VPY00047594 куәлігімен бекітілген Республикалық «Ustaz enbegi» ғылыми-әдістемелік журналы 2023 оқу жылындағы мамыр айының 12-22 күндері арасында қашықтан (онлайн) «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында шығармашылық «эссе жазу және сурет салу жанры бойынша» байқауға қатысты.

Байқаудың мақсаты жас дарынның отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

«Патриот болу – өзіңнің жеті атаңды білу. Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Жеті атасын білмеген – жермен тең» деген сөз орамдары бар. Бұл сөз орамдары тек қана жеті атасын білуді меңзеп тұрған жоқ, өзінің арғы тарихын, яғни қазақтың ұлан байтақ жерін қасық қаны қалғанша қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ата-бабамыздың ерлігін білу, солардың ерлігін ұрпаққа өлең-жырларына арқау еткен ақын-жазушы, жыршы, жырауларымыздың өлең, дастандарын жаттау, кешегі репрессияда қаза болған қазақ зиялылары мен желтоқсанда тепкіленіп, шаштан жұлынған аға-әпкелеріміздің аруағын бас ию, кешегі аштықтан бұратылып, осы күнді армандап кеткендердің арманын жалғастыру. Иә, тарих қойнауына бір сәт көз жүгіртсең, бүтін бір қазақ елінің талай-талай белестерден өтіп, сол белестен өту жолында неше түрлі құрбандық бергенін көресің. Өткенге көз жүгірту арқылы – қаріргі бейбіт өміріміздің, тәуелсіздіктің бал дәмін сезінеміз. Бүгінгі тарих – өткен тарихтың жалғасы. Сондықтан өткен тархымызды білу – елін, жерін сүйетін, тіпті сүймейтін де әр азаматтың парызы, борышы, міндеті. Сол себепті мен мектепте «Қазақстан тарихы» сабағын беске оқып, «Жеті атамызды білеміз бе?» деген тақырыпта ғылыми жұмыс жазып жүрмін. Бұл менің елімнің тарихына қосқан кішкентай болса да үлес деп білемін»,- дейді мектеп оқушысы.

«Мен елімнің патриотымын» тақырыбында (эссе жазу) бойынша ерекше көзге түскені үшін «Жас қалам» номинациясымен мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы Сырлыбек Арайлым I орын дипломмен марапатталды.

Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас буындардың бойында патриоттық не ұлттық патриоттық сана сезімдерің қалыптастыруда зиянын тигізіп жатқан ақпараттар құралдары өте көп. Жастардың бойында мәдениетімізге, қазақи барлық құндылықтарымызға, иманға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, жастарды отанымызды құрметтеуге тәрбиелесек, еліміздің рухани байлығын сақтаймыз. Сол үшін де жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді елімізді сүйіп, теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстан патриоттары болайық!

Previous Post

Түркістан облысы: "ҰСТАЗЫМ, ӨЗІҢМЕНЕН МАҚТАНАМЫН" ТАҚЫРЫБЫНДА ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі