13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін ХХ ғасырдың 30 — жылдарында қазақ халқын мұңға бөлеп, зор қайғы әкелген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, Арыс қаласында қайта жаңғыртылып, абаттандырылған «Қасірет» мемориалында боздақтарды еске алу шарасы өтті.
Жиын аясында ұлтымыз үшін жазықсыз құрбан болған боздақтар бір минуттық үнсіздікпен еске алынып, ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері зұлмат жылдарындағы оқиғаға орай жүрек тебірентер көріністер көрсетті. Бұдан бөлек, өнерпаздар кедір-бұдыр тастар арасында ақ-қараға оранып, зұлмат жылдардағы қасірет, қорқыныш пен хаосты бейнеледі.
Содан кейін Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев марқұмдар рухына Құран бағыштады.
Айта кетейік, Қазақ жерінде зұлматты жылдары 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған.
Бұл қазақ тарихына қара таңбамен жазылған қуғын-сүргіннің зардабы тұтастай бір ұлтты қуғынға ұшыратқан ұлы қасірет болатын. Мұндай еске алу шаралары бүгінгі ұрпақ үшін де, болашақ ұрпақ үшін де аса қажет. Сондықтан, оларды әрдайым еске алып, тағзым ету парызымыз болып қала бермек.
Биыл қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасымен, көптен бері жөндеу көрмеген «Қасірет» мемориалын қалпына келтіру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мемориал ішіне аяқжол төсемелері төселіп, келушілер үшін орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды. Бұдан бөлек, жарық шамдар орнатылып, автоматты суару жүйелері іске қосылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Tags: 13kz13kz.kz13кзАрыс ауданысаяси қуғын-сүргінТүркістан облысы
Previous Post

ШАРДАРА: ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 21 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі