13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «ҰСТАЗЫМ, ӨЗІҢМЕНЕН МАҚТАНАМЫН» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «ҰСТАЗЫМ, ӨЗІҢМЕНЕН МАҚТАНАМЫН» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.

Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ десек, ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру мен ғылымды дамыту. Осы орай да мектепті білім ордасы десек, сол білім ордасындағы ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Менің ойымша ХХІ ғасыр ұстазы кез-келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Ол тек ұстаз болып шектеліп қалмауы керек әрқашанда әмбебап болуы қажет. Оқушыға білім мен тәрбиені қатар бере отырып дос бола да білу керек. Рухани бай болуы шарт деп білемін сонымен қатар жаңа технологияны меңгерген яғни сегіз қырлы бір сырлы болу керек. Менің көзқарасым бойынша түйгенім мұғалім мектептің жүрегі.
№41А.Асанов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебінде “Ұстазым, өзіңменен мақтанамын!” атты Асан Бекболат Батырханұлын еске алу кеші болып өтті. Іс-шараның мақсаты ұстаздың өмірі мен жасаған еңбектерін оқушылардың бойына сіңіру, дәріптеу болып саналады.

Ұстаз – киелі мамандық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт -бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Иә, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар, ұстаздар жайлы айтылар сыр да, жазылар жырда көп. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді. Әрине, өте орынды айтылған. Жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық бәріде ұстаздардың бойынан табылады. Әр шәкірттің санасына сәуле шашып, шырақ отын жағатында осы аяулы ұстаздар. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы керек. Кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Ұстаздық тағлымы терең өнер.

Кешімізді Адами әлеуетті дамыту басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Орманова Гүлжаухар Әмірханқызы мен мектеп директоры Еркінбек Битемиров Омарұлы ашып берді.
Кеш барысында ұлағатты ұстазға арнап өлеңдер оқылды, әндер айтылды. ”Қыздар” тобының орындауында қазақша билер көпшілікке тарту етілді. Ұлағатты ұстаз Асан Бекболат ағаймен қызметтес ұстаздар, сыныптас-қатарластары, бауырлары, ұл-қыздары ұстазды еске алып, естеліктерімен бөлісті. Ұлағатты ұстаздың өмірін дәріптеу мақсатында оқушылар арасында“ Бақытты сәт” зияткерлік сайыс өткізілді. Кеш соңында ұлағатты ұстаз Асан Бекболат Батырханұлының атына берілген қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылу тұсаукесері болды. Ел ағасы, Қарақалпақ ауылының биі Қалықұлов Тұрсын атамыз ақ батасын беріп, жақсы тілектер айтты.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post

ШАРДАРА: ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі