13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан прокуратурасының прокуроры Еламан Артық, аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Сарыбаева, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Кубелтай Мейіржан және білім бөлімінің бас маманы Лаура Омарованың қатысуымен жазғы демалыс кезіндегі “Құқық бұзушылықтың” орын алмауының мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларымен “Жолда жүру, түнгі уақытта көшеде жүру, қылмыстық әрекеттер, бопсалау, зорлық-зомбылықтың және былапыт сөйлеу” бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Қауіпсіз жаз» тақырыбында дәріс өткізілді. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жүріп –тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында су қауіпсіздігі, табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпараттар берілді. Барлық жауапкершілік ата-анада екендігі түсіндірілді. Оқушының түнде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтыны, кәмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуге болмайтыны жайлы ескертілді.

Дәстүр бойынша мұғалім сынып сағатында оқу үшін кітаптар тізі­­мін, сондай-ақ қарауға болатын фильм­дер тізімін ұсынады. Қауіп­сіздік шараларын, алдын ала жос­пар­­ла­нып ұйымдастырылған дема­лыс­­тың артықшылықтарын, қосым­ша білім беру ұйымдарына қатысу­дың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмек­тесу­дің қажеттілігін айтады. «Сынып саға­тында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихы­на, саяси репрессия мен аштық құрбан­дарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына басымдық берілген.

18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтап отыр. Бұл ұйымдарда осы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушы мен тәрбиеленуші білім алды.Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары бойынша қорытынды аттестация 28 маусымға дейін жал­ғасады. Колледждерді биыл 144 мың­нан астам түлек аяқтайды. Дип­лом­дарды тапсыру салтанатын 28 мау­сым мен 1 шілде аралығында өткізу ұсынылып отыр.9-сынып бітірушілер үшін қоры­тынды мектеп бітіру емтихандары 2 маусым мен 13 маусым аралығында өтеді. Ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5 маусым мен 19 маусым аралығында болады. «Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өт­кізуді ұсынылған.

 

Previous Post

Шетелдік инвесторлардан Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр

Next Post

Түркістан облысы: "ҰСТАЗЫМ, ӨЗІҢМЕНЕН МАҚТАНАМЫН" ТАҚЫРЫБЫНДА ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі