13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шетелдік инвесторлардан Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шетелдік инвесторлардан Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Шымкент қаласы аумағында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуға шетелдік инвесторлар тарапынан ұсыныстар түсуде. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлы брифинг барысында мәлімдеді. Шымкент қаласындағы коммуналдық қалдықтар мәселесін шешу үшін қоқыс өңдеу зауытын салу қажет екендігі бәрімізге мәлім. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялар қалдықтарды өртеу зауытының құрылысын салуды ұсынса, Германиялық компания полигон салу үшін заманауи материалдарды ұсынуда.

Ал, испандық AUDITORES ENERGETICOS AFN (AEN) компаниясынан коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізу бойынша ұсыныс түсті. Компания өкілінің ақпаратына сәйкес, AEN технологиясы экология бөлігінде бірқатар артықшылықтарға ие — бұл «Нөлдік қалдықсыз цикл» деп аталатын процесс және экология мен халықтың қауіпсіздігі бөлігінде қабылданған Еуропалық директиваларға сәйкестігі. Ұсынылған материалдар бойынша технология электр энергиясын өндіре отырып қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға, сондай-ақ, ҚТҚ полигонындағы қалдықтарды (шамамен 2 млн. тонна) қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның құны — шамамен 200 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының аумағындағы жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 орталық көшелерді санитарлық тазалау, көгалдандыру және күтіп-ұстау жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап аудан әкімдіктерінен қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына өтті. Қазіргі таңда, әр ауданның мемлекеттік-жекеше әріптестері анықталып, қала аумағында жұмыстар қарқынды түрде ұйымдастырылуда.

Previous Post

КЕНТАУ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

САРЫАҒАШ: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі