Бүгінде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады.
Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының қатысуымен «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» тақырыбында мектеп оқушыларының 500-ге жуық ата-аналарымен Ш. Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында ауқымды кездесу өтті.
Кездесуге қала әкімінің орынбасары, қалалықпрокуратура өкілі жергілікті полиция қызметі; жергілікті төтенше жағдай қызметі; қалалық білім бөлімдерінің басшысы мен жауапты қызметкерлері; жергілікті мәслихат депутаттары; жергілікті ауыл әкімі; жергілікті қоғамдық кеңес өкілдері; жергілікті ардагерлер кеңесінің өкілдері; мектеп директорлары; білім беру саласының қызметкерлері; жергілікті «Жастар орталығының» қызметкерлері; жергілікті заңды тіркелген діни мекеме қызметкерлері 500 ата-аналар қатысты.
Мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-мектептегі тәрбие жұмысының маңызды аспектісі. Бүгінгі таңда педагог қауымы алдында тұрған басты міндеттердің бірі-жасөспірімдер арасындағы теріс тәрбиенің алдын алу,болдырмау.
Кездесудің бағдарламасы төмендегідей өтті:
Ата-аналарға кеңестер тарқату;
«Жасөспірім және заң»
Оқудағы мақсат-жалғыз құрғақ білім үйрету емес,біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру, жалпы мектептердегі құқық бұзушылықың алдын алу жұмыстары, бейнеролик көрсетілімі;Жиын барысында,
Байболова Ақнұр Нұралықызы — Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Кентау қалалық мәслихатының төрағасы — Елеусизов Қаблан және қалалық прокуратурасы мен ішкі істер және төтенше жағдайлар мамандары сөз алды.
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А. Ауелбеков жаз мезгіліндегі оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу жөнінде бөлімнің жоспарымен жан-жақты таныстырып ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп кездесуді қорытындылады. Осы тақырыптағы кездесу Қарнақ ауылында жалғасты. Кездесуге 200 ата-ана қатысты.