13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 408 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асырылады

25 сентября, 2020
in Экономика
0
«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 408 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының орталығында құрылған «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында»​ 20 компания жалпы құны 408 млрд теңге болатын 23 жоба іске асыратын болады. Бүгінге дейін оның 115 млрд. теңгесі игерілді. Нәтижесінде құрылыс кезеңінде жұмыспен қамтылғандар саны 5900-дан асады.
Олардың қатарында әуежай, неке сарайы, көпбейінді аурухана, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақ үй, тұрғын үй, спорт кешендері және көпфункционалды туристік кешені мен бизнес орталықтары бар.
Бұдан бөлек, өңірде тоқтап тұрған өнеркәсіптік алаңдардың әлеуетін іске қосу үшін арнайы экономикалық аймағының өнеркәсіптік аймағының аумағына Кентау қаласындағы бұрынғы Экскаватор зауытының 35 гектары да қосылды. Мұнда «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы «Brownfield» дайын ғимараттар базасында аумақты бірлесіп игеру бойынша зауыт құрылтайшыларымен бірлескен жобаны іске асырды. Қазіргі таңда, құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 2,2 млрд. теңге болатын 2 жоба қол қою сатысында, және 15 млрд. теңге болатын 6 жобамен келіссөздер жүргізілуде.​
Айта кетейік, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы» Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен 2018 жылы құрылған болатын. Ондағы мақсат – Түркістан қаласын жедел дамыту, Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру және жалпы Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру.
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы 4 субаймақтан тұрады. Жалпы ауданы 3014 гектарды құраса, оның 297-сі тарихи-мәдени орталық, 1350-і әкімшілік-іскерлік орталық, 400-і өндірістік, 967-сі әуежай аймағына жатады.
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағына келетін әлеуетті инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында 2043 жылға дейін кеден салығынан, корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан, қосымша құн салығынан босату және өтеусіз негізде жер телімі беру қарастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Коронавирус дертіне шалдыққан соңғы науқас ауруханадан жазылып шықты

Next Post

Депутат жұмыспен қамту орталықтарының былығын әшкереледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі