13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Депутат жұмыспен қамту орталықтарының былығын әшкереледі

25 сентября, 2020
in Қоғам
0
Депутат жұмыспен қамту орталықтарының былығын әшкереледі
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Министрдің өзі нысаналы көрсеткіштер үшін осы кезге дейін жалған жұмысқа орналастыру жағдайлары болғанын жоққа шығармады

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан жұмыспен қамту орталықтары нысаналы көрсеткіштерге қандай жолмен қол жеткізетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат бүгінде жұмыс істеп тұрған 200-ге жуық жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті – жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу екенін атап өтті. Бірақ мұндай орталықтар нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін түрлі заңбұзушылықтарға барып жатады.

«Мәселен, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жұмыс берушілермен келіседі де орталық жолдамасымен қайтадан жұмысқа орналасты деп белгі қояды. Яғни, еңбек нарығы ақпараттық жүйесіне өзгеріс енгізу олар үшін оңай. Ал шын мәнінде жаңа жұмыс орны ашылған жоқ. Бірақ іс жүзінде әлгі адам өз кәсіпорнында жұмысын жалғастырып жатдады. Осылайша жұмыспен қамту көбіне, формалды түрде өтеді», – деді депутат мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Осыған байланысты Құдайберген Ержан жұмыспен қамту процестерін автоматтандыру қажеттігі туындағанын айтты.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттың сөзімен толық келісетінін білдірді.

«Мұндай проблема бары жасырын емес. Оны прокуратура тексеріп, айқындаған. Нысаналы көрсеткіштер үшін жалған жұмысқа орналастыру, бір мекемеден шығарып, оған қайта кіргізу жағдайлары тіркелді», – деді ол.

Министр қазір бұған цифрлық-ақпараттық жүйе арқылы тосқауыл қойылып жатқанын атап өтті.

«Қазір адамды жұмыспен қамту орталығы жұмысқа жіберердің алдында, ақпараттық жүйе оның алдыңғы жұмысын тексеріп алады. Сөйтіп, ол адамға бір жерден жұмыстан шығып, оған қайтып баруына ақпараттық жүйе жол бермейді. Жалпы болашақта біз жұмыспен қамту орталықтарын халықпен қатынаспай, цифрлық шешімдер арқылы жұмыс істеуге көшіреміз», – деді Нұрымбетов.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 408 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асырылады

Next Post

Елбасы «Казмедприбор» серіктестігінің қызметімен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі