13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Коронавирус дертіне шалдыққан соңғы науқас ауруханадан жазылып шықты

25 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Коронавирус дертіне шалдыққан соңғы науқас ауруханадан жазылып шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында Covid-19 инфекциясына шалдыққан соңғы науқас Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасынан жазылып шықты. 58 жастағы жергілікті тұрғын Севара Амантаева ауруханаға медициналық жедел-жәрдем көлігімен ауыр халде жеткізілген. Науқастың дене қызуы көтеріліп, жөтел, ентігу белгілері болған. Инфекциялық стационарда екі апта бойы қарқынды ем қабылдаған әйелдің жағдайы қазір жақсы. Өміріне араша түсіп, ауыр індетпен күндіз-түні бірге күрескен ақ халатты жандарға, емдеу мекемесінің орта және кіші буын қызметкерлеріне де алғысы шексіз.

Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасының бас дәрігері Элмира Қожахметованың айтуынша, инфекциялық стационарда қазір 30 төсек –орын бар. Барлығы босаған.

«Қуанышқа орай ауруханада коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатқан науқас қалмады. Алдағы уақытта да азаматтардың бұл дертке шалдықпауын тілейміз. Өңірде індет белең алған сәттен бастап ауруханамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 науқас ем қабылдады. Науқастарға барлық тиісті медициналық көмек көрсетіліп, әр бір маман аянбай еңбек етті»,-дейді аурухананың бас дәрігері.

Әлемді дүрліктірген коронавирус дерті Түркістан облысында алғаш рет биыл 31-ші наурыз күні Жетісай ауданының тұрғынынан анықталған болатын. Содан бері өңірде Covid-19 инфекциясы анықталған 3373 жағдай тіркелген. Облыс бойынша қазіргі таңда емдеу шаралары үшін стационарларда  600 төсек-орын ұйымдастырылған. Сонымен қатар, коронавирус және пневмония індеттерімен күресу мақсатында алғашқы медициналық – санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда  380 мобильді  топ жасақталған. Мобильдік топтар коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған  науқастарға, пневмониямен ауырған және басқа да аурулармен шақыртқан 35 мыңға жуық азаматқа үйлеріне барып медициналық көмек көрсеткен.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Тоқаев дәрігерлерге коронавирустың екінші толқынына дайын болу керегін айтты

Next Post

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 408 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі