Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Сән технологиясы», «Сәндік қолөнер» құзыреттілік ресурстық орталығына қарасты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында «Үздік шебер» байқауы өтті.
Білім додасының мақсаты дарынды оқытушыларды қолдау, педагогикалық мамандықтарды танымал ету. Конкурста жалпы білім беретін және арнайы пәндердің оқытушылары 3 кезеңнен тұратын сайыста бақтарын сынайды. Байқау екі күнге созылады. Педагогтер теориялық және практикалық дайындықтарын, білім беру саласында инновациялық тәсілдерді шебер пайдалана алуын көрсетеді.
Байқауда 14 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары қатысып, өз шебереліктерін көрсетті. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау– біліктілікті арттыру жүйесінің өзекті мәселесі. Байқау қатысушылары бар білімін жастарға үйретіп, өскелең ұрпақтың саналы болуларына ат салысып жүрген, өз ісінің мамандары.Студенттерге мазмұнды және сапалы білім беруді тиімді түрде жүзеге асыру оқытушының кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Ұстаздың өз пәнін жетік біліп, заманауи технологияларды қолдану арқылы болашақ маман болуға қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін педагогикалық қабілетімен нығая түседі.
Байқау мақсаты — арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің шығармашылығын және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, соңғы өндірістік технологиялардан хабардар мамандарды анықтау.
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша ресурстық орталығының жұмысын жандандыру, арнайы пән оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін шыңдау және дамыту.
Байқау нәтижесі сарапшылардың шешімі бойынша жүлделі орындармен номинациялармен марапатталды.
І орын — «Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі» — Салибекова Нулифар Илхамбековна;
ІІ орын — Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі – Абдузаирова Ирода Ахмеджановна;
ІІІ орын — №8 колледж МКҚК – Абдикаримова Клара.
«Жоғары шеберлік» номинациясы – Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледж — Усенова Айнагул Акбаровна;
«Креативті үлгі» номинациясы – №13 колледж МКҚК Қалбаева Ұлбике;
«Көркем үлгі» номинациясы – Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі МКҚК Марат Мөлдір Маратқызы;
«Үйлесімді жинақ» номинациясын Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж — Эрметова Машура иемденді.