13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ БЕРДІ

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл 11 сыныпты 29491 түлек бітіреді. Мектеп түлектерінің 1416-сы «Алтын белгіге», 11 сыныпты бітіруші түлектердің 2355-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде (907 мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) жұмыс атқарады. Ондағы оқушы саны – 515 079. Олардың 154 қала (122156 оқушы), 844 ауыл (392923 оқушы) мектептері.

Брифинг барысында басқарма басшысы, биылғы оқу жылындағы Түркістан облысы оқушыларының бірқатар қолжеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

Мәселен, Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда:

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдерімен өткен жиында облыстың бас ұстазы балаларды отбасыға орналастыру арқылы балалар ауылдарындағы бала санының жылдан-жылға азайғандығын, ұлттық біріңғай тестілеу бойынша толық ақпаратты ұсына отырып, педагог кадрлардың көрсеткіші, қорытынды аттестаттау бойынша мәлімет берді.

Сонымен бірге, Дінислам Болатханұлы жазғы сауықтыру лагерінде 200 мыңнан астам бала қамтылғанын айтты. Және «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны жүргізілетінін тілге тиек етті. Басқарма басшысы брифинг соңында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар оң өзгерістерге де тоқталып өтті.

Брифингте білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жергілікті БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауаптар берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «География» және «Биология» пәндері бойынша есептерді шешуге арналған калькулятор болады.

Сонымен қатар, тестің өзінде «Информатиканы» орыс тілінде тапсырушыларда қазақ және ағылшын тілінде, қазақ және ағылшын тілінде тапсырушыларда орыс және ағылшын тілінде, ағылшын тілінде тапсырушыларда қазақ және орыс тілінде терминдерінің аудармасы болады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін әр пән бойынша тақырыптық талдау ұсынылады. Бұл тек тестілеу нәтижелерімен емес, сонымен қатар ҰБТ-ның екінші мүмкіндігіне дайындалу үшін бірінші мүмкіндікте қателіктер жіберген тақырыптармен танысуға мүмкіндік береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР СПОРТ КЕШЕНІН САЛЫП БЕРДІ

Next Post

Түркістан облысы: “ҮЗДІК ШЕБЕР” ПЕДАГОГТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі