13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР СПОРТ КЕШЕНІН САЛЫП БЕРДІ

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР СПОРТ КЕШЕНІН САЛЫП БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінде мектеп түлектері ауыл жұртшылығына спорт кешенін сыйға тартты.

Бұған дейін ауылда қазіргі заман талабына сай спорт кешіні болмаған.
Оңалбек Тастанбекұлы атындағы әмбебап спорт кешенінің ашылу салтанатына округ әкімі Мейрамбек Абдумажитов пен аудандық мәслихат депутаты Азамат Қожабаев, ауыл ақсақалдары мен №34 А.П.Чехов жалпы орта мектебінің әр жылғы түлектері, Оңалбек Тастанбекұлының туған-туыстары қатысты.

— Бұқаралық спортты дамыту, насихаттау және өскелең ұрпақты спортқа тәрбиелеу мақсатында сыйға тартқан спорт кешенінде жаттыққан қара домалақ ұлдарымыздың арасынан танымал спортшылар мен атақты азаматтар шыға берсін! Бұған дейін де ауылымыздағы мектеп түлектері ақсақалдармен келісіп, медіресе салып берген болатын.
Мұндай игі іс – ауыл азаматтары арасында жақсылық жасау эстафетасы ретінде дәстүрлі түрде жалғасып келеді, — деді М. Абдумажитов.

Кәсіпкер Сержан Тастанбековтың игі бастамасымен бой көтерген ғимаратқа демеушілік жасаған мектеп түлектеріне ризашылығын білдірген ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.

Айта кетейік, заманауи ғимаратта ауыл балалары енді спорттың күрес, бокс, ауыр атлетика және қол күресі сынды түрлерімен жаттығуларына мүмкіндік жасалып отыр. Ауыл көркіне сән берген спорттық кешенде үлкен-кіші барлық ауыл тұрғындары бірдей дене тәрбиесі және спортпен тегін айналыса алады.

Айта кетсек, Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде (907 мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) жұмыс атқарады. Ондағы оқушы саны – 515 079. Олардың 154 қала (122156 оқушы), 844 ауыл (392923 оқушы) мектептері.
Брифинг барысында басқарма басшысы, биылғы оқу жылындағы Түркістан облысы оқушыларының бірқатар қолжеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.
Мәселен, Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда:

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 21 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ БЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі