13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

24 сентября, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте еріктілер мектебі ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылып отыр.

Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам ерікті, 20-ға жуық еріктілер ұйымы бар.  Солардың бірі — «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры. Аталған қор қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Еріктілер мектебін» ашып отыр.

«Еріктілер мектебінің»  басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыруы болып отыр.  Сонымен қатар,  жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

«Ізгілікте жарысайық»  қайырымдылық қоғамдық қорының еріктілері білім, экология, әлеуметтік бағыттарында жұмыс жасайды.

Мәселен, «Эко-волонтер» бағытында «Шымкент – таза қала», «Шымкент – жасыл қала» жобалары бойынша қаланың тазалығына өз үлестерін қосып отыр. Сондай-ақ, «плоггинг» сайыстарын мектеп оқушылары және студенттер арасында ұйымдастырып келеді. Ол жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұл арқылы волонтерларды тазалыққа, сабырлыққа, мәдениеттілікке үйретеді.

Ал, «ПЕДКЛУБ» білім жобасы жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалынған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістанда қылмыс саны 40%-ға азайды

Next Post

Жетісайлық «блогерлердің» не үшін сотталғаны белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі