13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда қылмыс саны 40%-ға азайды

24 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістанда қылмыс саны 40%-ға азайды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 40%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысының облыс орталығы Түркістан қаласының аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау және азайту мақсатында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Мәселен, биылғы жылдың сегіз айында Түркістан полицейлері барлығы 410 қылмысты тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40.6%-ға төмен. Сондай-ақ, аталған кезеңде жергілікті полиция қызметкерлері 42 255 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде учаскелік инспектор 6 563 және ювеналды полиция инспекторы 381. Прокуратура және білім беру өкілдерімен бірлесіп ювеналдық полицейлер үш рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 352 кәмелетке толмаған және көңіл көтеру орындарында болған 19 жасөспірім анықталды. Жол қауіпсіздігі бойынша полиция қызметкерлерінің күшімен жол-көлік оқиғаларының саны 7,3%-ға, қаза тапқандардың саны 50%-ға, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің саны 22,9%-ға төмендеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2 076 автокөлік құралы айыппұл тұрағына қамалды. Бұдан басқа, ЖКО алдын алу және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Түркістан қаласы аумағында бүгінгі күні Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығына қосылған 56 бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды тіркеу камералары жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыс орталығының аумағында тәртіп сақшылары азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға баса назар аудара отырып, олармен үнемі жол ережелері туралы әңгімелер өткізіп тұрады. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін сақтау, Әкімшілік құқық бұзушылық жасамау және ҚР заңнамасын бұзбау қажеттігін ескертеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкенттегі ипподром тағдыры көкпарға түсіп жатыр

Next Post

Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі