Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевпен бекітілген кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесудің жоспар кестесіне сәйкес, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының базасында кездесу өткізілді.
Аталған жиынды Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Оразов жүргізіп отырды. Жиынға аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Е.Қожабеков, Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О.Жәмиев, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Н.Айдаров, Созақ аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қ.Арап, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов, ауыл, кент әкімдері, мектеп директорлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, ата-аналар кеңесінің төрағалары, «Әкелер мектебінің» төрағалары, мұғалімдер, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.
аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Бүгінгі таңда Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар: Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерге тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі жеке тұлғаның қалыптасуына теріс әсер етеді. Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынас жасау қиынға соғатын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланады және өздерін бөтен сезінеді, бұл әдетте қиын жасөспірімдердің нашар оқуымен қиындайды. Сыныптағы қиын жасөспірімдерді оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін негізгі себептердің бірі болып табылады. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аБалалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Оқушылар демалысқа шығып,мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтап отырған жөн. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Жиын барысында Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Н.Айдаров, Созақ аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қ.Арап, Созақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты М.Өскен және педагог-психолог Ш.Абдирахмановалар баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Е.Қожабеков, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетовтер қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен мәселенің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Кездесуге жиналған ата-аналар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты.