Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бүгін Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Бастауыш білім алушыларын бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты -оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын білімді ұрпақ тәрбиелеу болып саналады.
Педагог мамандардың тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік сыйлайтын шараға бөлімге қарасты 23 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Білім саласының даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ — бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірініші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еңшісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойындағы жақсы қасиеттердің болуына, оның жан-жақты дамуына және баладан рухани бай тұлға қалыптастыра білу басты міндетіміз. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту керек. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті мол тұлға қажет. Ондай тұлға жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярланады.
ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі-жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.
Сабақ — мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласыда шет қала алмайды.
Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлес қосқан.Бағдарламаның міндеттері: Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, оңдағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
— бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
— бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатына критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
Семинардың ашылу салтанатында сөз алған әдіскер Д.Есенғараева оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын білімді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталаған семинардың педагогтарға берері зор екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар келген бастауыш сынып мұғалімдері әріптестерінің жұмыстарымен танысып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақтардың куәсі болды.