«Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде мамыр айының 12 жұлдызында террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөнінде іс-шара жаттығуы өткізілді. Мектеп директоры Б. Сейтқазиева терроризмге қарсы қауіпсіздік паспорты, антитеррорлық қауіпсіздігінің жай-күйін бейнелейтін және террористік актілердің алдын алу, жолын кесу, азайту немесе жою жөнінде іс-шара жоспарларымен таныстырып өтті. Мектептің алғашқы әскери және технологиялық пәні жетекшісі Р. Омаров терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру іс-шара барысында оқу жаттығу өткізді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауымен, 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтті. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу барысында «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталды.Іс-шара барысында мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды.
Оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылды. Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.
Айта кетейік, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.
Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
Министрлік балалардың қауіпсіздігін қашанда жіті назарға алып, мектептерде терроризмге қарсы қорғауды кешенді жүргізуге басымдық беріп отыр.