Түркістан облысы білім ұяларында Оңтүстік Корея елінің іс-тәжірибесі бойынша дәріс өтілуде. Кітапхана меңгерушісі Ахметова Жанар ақын Фариза Оңғарсынованың 84 жылдығына орай 7-сыныптар арасында белгілі тұлғалардың өмірбаянын оқу арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жобасы негізінде Оңтүстік Кореяның іс-тәжірбиесінен алынған сабақ үлгісін пайдаланды. Тәжірбие барысында оқушылардың медиа және технология контенттерімен жұмыс істей алу дағдысының артқанын,танымдық көзқарасы артып,ойлау қабілетінің артатынын байқауға болады. Оқушылар топтық жұмыс арқылы ақынның жетістікке жету жолдарын, басты құндылықтарын, қағидасын, кәсіби даму жетістіктерін жазып, ақын шығармашылығынан өздері ұнатқан өлеңдерін оқи білді. Сөздік қордың біршама артатынын тәжірбие көрсетті.
Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, Фаризада өзінің талантына лайық тегеурінді мінез де болды. Расында да, ақынның мінезі тегеурінді еді. Талайды опындырған да, бірақ ақынды биік шыңға жетелеген де, дәл осы мінез болатын. Ертеректе, неміс баспасының аудармашысы Ильза Чертнер деген әйел Фариза Оңғарсынованың үйіне қонақта болған. Сонда қойдың үйітілген басына үрке қарап, сылқылдай күлген аудармашы мен оның серігінің әрекеті Фариза апаймызға жақпай, ақын оларды үйінен қуып шығады. Сол кезде ақын: “Дәстүрімді сыйламаған адам, өлеңдерімді аудармай-ақ қойсын” депті.
Ақынның әдебиет деп аталатын азабы көп ауылға келуіне жаратылыстың әкенің қаны, ананың сүтімен берген қасиеті. Фариза Оңғарсынова қалың қазаққа алдымен, шыншыл журналист ретінде танылды. «Лениншіл жас» газетінің Мұнайлы өлкедегі тілшісі көп жазатын, әділ, кесіп жазатын.
Айта кетсек, Оңтүстік Кореяда жақсы білім алу кез-келген корейліктің мансабыың қалыптасуында шешуші болып табылады, сондықтан ең жоғары басымдығы міндетті түрде түсетін беделді оқу орнына беріледі, ал түсу емтихандарын тапсыру үрдісі айтарлықтай қиын сипатта болуы мүмкін. Корей мемлекеттік әкімшілік органдары нақты бүкіл білім беру процесін ерте жастан бастап баланың және оның соңғы жылы жоғары сыныптарда бақылайды. Ең көп артықшылық математика, корей және ағылшын тілдері, нақты ғылымдар және қоғам туралы ғылымдарға бойынша беріледі.