13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: КІТАПХАНАДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САУРАН: КІТАПХАНАДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа ғасыр, яғни ХХІ ғасыр — ақпарат және жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан кез — келген оқырман, кез — келген тұлға жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, кең көлемде ақпаратты тұтынуға құқылы. Ақпараттық қоғамдағы жаңа технологиялар кітапхана саласын дамытатын бірден — бір жолы болып отыр. Қоғамға жаңа технологиялар ене бастауы кітапхана саласын одан әрі дамып, жетілуіне зор үлесін тигізетіні сөзсіз. Кітапханада ақпараттық білім беру шаралары оқушылардың қажеттілігінен туындаған көптеген күрделі тақырыптарға қол жеткізуде маңызды роль атқарады. Қазақстан кітапханаларында ақпараттық білім беру жұмыстары автоматтандырлған жаңа технологияларды енгізу, оқырмандарға көрсетілетін қызмет аясын кеңейтіп, оның сапасын жақсартуға, кітапханалық, ресурстарды пайдатехникалықлану, сондықтан техникалық үрдістерді жетілдіріп, оларды басқаруға мол мүмкіндіктер береді.

Сондықтан Қазақстандық кітапханаларды ақпараттық мәдениетті қалыптастыру саласында көптеген ерекшеліктер қолға алынған.

Осы тұста, Түркістан облысы, Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарының негізінде бүгін Ә.Молдағұлова жалпы орта мектеп базасында жаңа педагогикалық технологиялар элементтерінің тиімді пайдалану жолдарын үйрету және озат тәжірибелі мамандардың озық іс-тәжірибесін кеңінен насихаттау мақсатында «Кітапханада ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың инновациялық әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға 36 мектептің кітапхана меңгерушілерілері қатысты. АЛ Р.Бердібай атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Зауреш Кенжеева «Мектеп кітапханасы жұмысындағы жаңашылдық» тақырыбында баяндама жасады.Ә.Молдағұлова жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Мухаддас Гуламова өзі өткізген «Отбасыммен бірге кітап оқимын» сайыс сабағының үлгісімен бөлісті. №1 жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Муяссар Неметова оқушыларымен бірге «Кітап-сарқылмас рухани әлем» тақырыбында әдеби кеш өткізді.

Бұдан өзге, «Ғаламтор желілері кітаптың орнын ауыстыра ала ма?» тақырыбында Әл Фараби жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Гулнара Абдуразакова келген қонақтармен пікірталас ұйымдастырды. АЛ С.Рахимов жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Эллара Нишанбаева «Кітапхана білгірлері» тақырыбында сайыс сабақтың әдемі үлгісін көрсетті.Сондай-ақ, семинар барысында әдіскер Жанна Нуржакиева кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйрететіндігін айтып, семинарды қорытындылады.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КІТАПХАНАДА ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 84 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОҢТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚ ІС - ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША САБАҚ ӨТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі