13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың мамыр айының 12 жұлдызында аудандағы жалпы білім беру ұйымдарында, оның ішінде Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №41Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 10.05.2023 жылғы №11/4988 санды хатына сәйкес, практикалық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Жиынға аудандық білім беру ұйымдарының мамандары, жергілікті құзырлы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс шараның басты мақсаты аудандағы мемлекеттік және жеке мектеп объектілерін терроризмге қарсы қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу.

Оқу-жаттығу жиыны барысында жергілікті атқарушы органдардың тарапынан халықпен түсіндіру жұмыстары мен оқушыларға эвакуациялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуі, дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі толық зерделенді.
Оқу-жаттығу іс- шарасына сәйкес мектеп ғимаратынан өрт дерегі орын алып, дабыл қаққыш жүйесі іске қосылған.

Жаттығу барысында өртке қарсы қызмет мамандары балаларға өрт сөндіру машинасын, газқағар, өрт сөндіруге арналған құрылғыларын көрсетті.ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері балаларға өрт шыққан жағдайда, жедел жәрдем қызметі қажет болған жағдайда қайда қоңырау шалып, өрт сөндірушілер келгенше не істеу керектігін, түсіндірді.
Айта кетейік, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.
Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.

Министрлік балалардың қауіпсіздігін қашанда жіті назарға алып, мектептерде терроризмге қарсы қорғауды кешенді жүргізуге басымдық беріп отыр.

Еске салсақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтті. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Previous Post

СОЗАҚТА COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Next Post

САУРАН: КІТАПХАНАДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі