13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚТА COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚТА COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданы білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде «Coworking» орталығы ашылды. Оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушыларды кітап оқуға тарту мақсатында ашылған орталықты мектеп директоры Сейтқазиева Бақтыгүл Ғаниқызы құттықтау сөзімен бастады.

Орталықты ашудағы мақсат — әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Коворкинг орталық төрт аймаққа бөлінген: іскерлік қатынас аймағы, бейресми кездесулер аймағы, демалыс аймағы және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң.Коворкингтің ең тартымды аспектісі — креативті орта және пікірлес мамандар қауымдастығының құрылуы. Қазіргі таңда коворкинг орталығы жастарға берері мол. Кез-келген сала бойынша білімін жетілдіріп, ақпарат алуларына болады.

«Coworking» – ағылшын тілінен аударғанда «бірлесе жұмыс істеу» деген мағынаны береді. Яғни, бұл адамдардың әңгіме-дүкен құратын, оқып-үйренетін, жеке және топтанып келіп жұмыс істейтін, кеңесетін орнына айналуда. Басты мақсат – кітапханаға оқырманды, әсіресе жастарды көбірек тарту. Мұнда балалар тек кітап оқумен ғана шектелмей сүйікті істерімен яғни тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындарын ойнап, ән тыңдап, әртүрлі шаралар өткізіп әлеуметтік желіден қажетті ақпараттарын ала алады. Бұл жерден оқырман кітаптың баспадан шыққанын да, электронды түрін де оқи алады. Қажет десе, интернеті де бар, тегін. Кітап оқимын деген оқырманға барлық ыңғайлы жағдай қарастырылды.
Сабақтан тыс уақытта оқушылар көркем әдебиеттер оқуға, сыныпаралық дебаттар, дөңгелек үстелдер, ойталқы пікір сайыстар өткізеді.

Оқырмандар белсенділерімен бірігіп шығарма кейіпкерлердің образдарын талдап отырады. Бұл шаралар баланың ой-өрісін жан-жақты дамыту, өзіндік ойын, пікірін ортада еркін айтуға жетелейді. Орталықтың балаға қажеттілігі жайлы тәжірибелі ұстаздар дәйекті мысалдармен айта келе, болашақта жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Салтанатты ашылу рәсімі мектеп өнерпаздарының өнерімен жалғасты. Орталықтың берері мол, болашағы зор, алар асуы биік боларына сенімдіміз.

Previous Post

КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі