13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ — БАСТЫ НАЗАРДА

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ — БАСТЫ НАЗАРДА
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы білім бөліміне қарасты №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебінің базасында заманауи кітапхана — «Coworking» орталығы ашылды. Шәкірттерге көркем әдебиеттер оқуға ғана емес, сонымен қатар оларды қосымша біліммен қамтуға арналған орталықтың ашылуына осы мектеп есімін иеленген Л.Жолдасовтың ұрпақтары мен ардагер ұстаздар да қатысты. Демеушілер есебінен ашылған орталықта түрлі іс-шаралар өткізуге жағдай жасалған.
Ашылу салтанатына қатысқан аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлназ Қасымбекова кітапханада балаларға қолайлы жағдайдың бәрі жасалғанын атап өтті.

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан.

— Кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор. Жаһандану мен ғаламданудың обыр ағымы және оның қауіпті ықпалы күрделеніп, күшейіп тұр. Бұл – рухани азғындауға апаратын бірден-бір жол.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.
Айта кету керек, аудан кітапханашылары осы оқу жылында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық «KitapXan» кітап оқу жарысының ІІ айналымынан мұғалімдер және оқушылар белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленді.
Кітап – білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда сала жауаптылары жас ұрпақты кітап оқуға баулуды турлі шаралар, жарнамалар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы аясында білім беру ұйымдарының кітапхана қоры көркем әдебиетпен толықты. «Каникулда кітап оқимыз» марафонында оқушылар жетістікке жетіп, заманауи сұранысқа ие кітаптарды қанжығаларына байлады.

Previous Post

Шымкенттік оқушы республикалық пәндер олимпиадасында тағыда топ жарды

Next Post

СОЗАҚТА COWORKING ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі