13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік оқушы республикалық пәндер олимпиадасында тағыда топ жарды

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік оқушы республикалық пәндер олимпиадасында тағыда топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

Азамат Абдураимов республикалық пәндер олимпиадасының қатарынан екінші рет жеңімпазы атанды. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Азамат Абдураимов орыс сыныптарына арналған қазақ тілі республикалық гуманитарлық олимпиадалар сайысында III орын иеленді. Ол бұған дейін NIS-тің желілік жарыстарында жүлделі I,II орындара, республикалықта I орыннан бой көрсетіп жүр.

— Қазақ тілі ана тілім болмағанымен мен үшін өте жақын. Себебі ұлтым өзбек бәріміз түркі тілдес халықпыз. Дегенмен олимпиада терең білімді қажет етеді сондықтан үнемі дайындық қажет, – деді Азамат Абдураимов.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бота Құлжаева оқушысының өте жауапты екенін ескеріп сайыстарда мектеп намысын қорғауға дайындайды. Азамат жаратылыстану бағытына жақын болғанына қарамастан келешекте гуманитарлық олимпиада жеңімпазы болуға дайындықты жалғастыруды көздеуде.
Айта кетсек, республика көлемінде өтетін олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің беделін арттыру.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЕҢБЕК КЕЛІСІМШАРТТАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ ӨТЕДІ

Next Post

КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі