13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” ӨТТІ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАСТА “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” ӨТТІ
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның жылдық жоспарына сәйкес, Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
«Абай оқулары байқауы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуда өте жақсы әсер береді деп есептеймін. Жалпы әдебиетке, өлеңге жақын оқушылардан ешқашан жаманшылық шықпайды деп ойлаймын. Байқауға қатысып отырған жеткіншектер мен ұстаздарға тек сәттіліктер тілеймін»,- дейді мамандар.

Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 50 оқушы қатысты. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді. Олар Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы, Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бойынша бақ сынасты. Сондай-ақ, оқушылар өз шығармаларын ұсынды. Бұдан бөлек, «Ұлылар әлемі» тақырынбында эссе жазды.

Байқауға қатысқан оқушылар Абайдың «Қарасөздері» мен өлеңдерін жатқа, ал ақын шә­кірт­терінің шығармаларын мә­нер­леп оқудан жарысқа түсті. Мек­теп мәжілісханасында өткен Абай әндерінің сайысын бөлек бір мереке дерсіз. Білім жарысына жас ақындар да қатысып, ұлы ақынға арнаған өлеңдерін оқыды.

Байқаудың қорытындысы бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Аудандық кезеңнен I орын иеленіп, 2023 жылдың 19 мамыр күні Қазығұрт ауданында өткізілетін облыстық кезеңіне жолдама алған Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушылары 8-сынып оқушысы Жайықбек Элдана, 9-сынып Қолдас Иманғали, Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ-нің 9-сынып оқушысы Балқыбек Абзалға сәттілік тілейміз!

Мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармашылығы арқылы ұлылар поэзиясына ,ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ББМЖ МОНИТОРИНГЛЕУ БАРЫСЫНДА 207 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі