13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл басқосуға басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы төрағалық етті. Жиынға басқармадағы жауапты бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде үш тақырып қаралды. Білім беру ұйымдарын күрделу жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар пысықталып, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасының жұмысы жайында сөз қозғалды. Облыстың бас ұстазы жауапты мамандардың баяндамасын тыңдап, өз бағыттары бойынша тапсырма берді.

Еске салсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 57 300 баланы қамтитын 63 мектеп салынады. Ұлттық жобаның басты мақсаты — мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауаптылардың басын жиып, құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін бөлуді, инженерлік коммуникация тарту мәселесін мұқият ойластыруды тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылатын жоба апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеді. Сондай-ақ ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығы едәуір азаяды.

Типтік мектептерде пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар — бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар қойылады. Тынығу алаңдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жағдай жасалады. Дабыл түймесі, бейнебақылау жүйесі орнатылмақ.

Жайлы мектептердің басты ерекшелігі, олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылысқа дайындық жұмысын күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді. Ол «Жайлы мектеп» жобасын тұрақты бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті.

Айта өтейік, бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де қолайлы жағдай қарастырылады. Зәулім мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіру талғамға сай болады.

Previous Post

ТҮЛКІБАСТА “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЕҢБЕК КЕЛІСІМШАРТТАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі