13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ББМЖ МОНИТОРИНГЛЕУ БАРЫСЫНДА 207 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ББМЖ МОНИТОРИНГЛЕУ БАРЫСЫНДА 207 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ
43
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өздеріңізге белгілі еліміз бойынша 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) шеңберінде, Түркістан облысы бойынша 207 білім беру ұйымдары білім сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау мақсатында сынға түскен болатын.

Аталған мониторинглеу жұмыстарына Департамент қызметкерлерімен бірге, Түркістан облысына арнайына келген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы, Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызымен Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы ББЖМ мониторинглеу жұмыстарына қатысып, заңға сәйкес өтуін қадағалады.

Естеріңізге сала кетейік, ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізілсе.
9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізілді.

ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін мектептің тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама алынды.

Айта кетсек, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері компьютерлік тестілеуге бақылаушы ретінде , Шардара, Сайрам, Келес, Түлкібас, Мақтаарал, аудандарында қатысты. Біздің мамандар алдымен мектеп ұжыммен кездесіп кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізді. Педагогикалық кеңесте атесттаудың тәртібін түсіндіріп, заңға қайшы келетін іс-әрекетке бармау жайында айтып өтті. Сонымен қатар, педагогикалық ұжыммен кездесу барысында білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» № 486 бұйрығы негізінде жүргізілетіндігі Департамент мамандары тарапынан түсіндірілді.

Previous Post

Мұрат Әйтенов үш ауысымды мектеп мәселесін шешуді тапсырды

Next Post

ТҮЛКІБАСТА “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі