13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс артып келеді

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс артып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 26,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс артып келеді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 26,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25%-ға өсіп 8,8 миллиард долларды құрады. Ал еліміздің мегаполисі Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс жылдан жылға артуда. Ресей инвесторларымен қалада ірі инвестициялық жобалар іске асып келеді. Мәселен, «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) – инвестициялық құны 6,2 миллиард теңгені құрайтын, қуаттылығы 50 МВт Күн электр станциясының құрылысы жобасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда ресейлік «Бона Файд Групп» ЖШС инвестициялық құны 60 миллилн теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 252 мың дана әйелдер фитнес киімдерін өндіретін жобаны бастап кетті.

Өндіріс орны 2023 жылы іске қосылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, индустриалды аймақта «Гекса» ЖШҚ (Ресей/Қазақстан) — инвестициялық құны 3,2 миллиард теңгені құрайтын бірлескен жаңа жобаны қолға алмақ. Өндіріс орны қуаттылығы жылына 6 мың тонна тоқыма емес материалдар шығарады. Іске асыру мерзімі – 2023 жыл. Инвестициялық құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 300 мың м3 темір-бетон өнімдері, темір-бетон бұйымдарын өндіру зауытын салу жобасы іске асады деп жоспарланған. Ресейлік «ДСК 17» ЖШС іске асыратын зауыт құрылысы 2024 жылы аяқталады. Сондай-ақ, ресейлік инвесторлар Шымкентте тұрғын үй құрылысына үлесін қоспақ.

Атап айтатын болсақ, «Шымкентский ДСК» ЖШС инвестициялық құны 23 миллиард теңгені құрайтын, жалпы ауданы 120 900 шаршы метрді құрайтын 3320 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастайды. Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысының І кезеңі – 2025 жылы, ІІ кезеңі 2027 жылы қолға алынады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУДЫҢ КЕПІЛІ

Next Post

Мыңнан астам шымкенттік тұрғын некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі