13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУДЫҢ КЕПІЛІ

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУДЫҢ КЕПІЛІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда кәсіптік бағдар беру апталығы басталды. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе отырып мектеп оқушыларының мамандық таңдауға қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіптік бағдар беру апталығын ұйымдастырды. Іс-шара өңірдің барлық аудандарын қамтыды.

Кәсіптік бағдар беру апталығының мақсаты, мектеп оқушыларының еңбек нарығындағы сұраныс негізінде қызығушылықтарын арттырып, кәсіби бағдар берудің тиімді жүйесін құру. Оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтермен ақпараттандыру болып табылады.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімі басшысының айтуынша кәсіби бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

«Кәсіби бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік жасайды. Білімге талаптанған, болашаққа қанаттанған, білім бәйгесіне түскелі тұрған түлектер де өзінің қызу ынтасын танытып, шарамызға толығымен қатысуы қуантады», – деді Айдана Бейсебекова.
Арыс қаласы алғашқы болып бітіруші мектеп оқушыларын кәсіби бағдар беру апталығы аясында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды ілгерілету мақсатында «Mega Agat» ЖШС, «Минералды су Арыс» ЖШС, «Арай» ӨК, «Қазына жер LTD» ЖШС және «Сүндет» ЖК кәсіпорындарын аралатып, өнеркәсіптік базаларына экскурсия ұйымдастырды.

Ұйымдастырылған іс-шара бойынша экскурсия оқушыларға жағымды әсер қалдырды. Ол тек қызықты ғана емес, танымдық жағынан пайдалы болды. Оқушылар кәсіпорындардың толық технологиялық процесімен етене таныса алды.

Previous Post

Жол картасы бекітілді

Next Post

Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс артып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі