13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мыңнан астам шымкенттік тұрғын некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Мыңнан астам шымкенттік тұрғын некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков брифинг барысында мәлімдеді. Шымкент қаласының мыңнан астам тұрғыны некесін мобильді қосымша арқылы тіркеген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков брифинг барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, Әділет вице-министрі Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қолданыстағы заңнама аясындағы өзекті өзгерістерді атап өтті. Бекболат Молдабеков өткен жылы заңнамаларды өзгерту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. «Мәселен саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңдар өзгертілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап елде конституциялық сот жұмыс істейді. Енді Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің барлық азаматтары Конституциялық сотқа жүгіне алады»,- деді Бекболат Молдабеков.

Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы бойынша мобильді қосымша арқылы 1434 неке тіркелген. 60 мыңнан астам бала туу туралы куәлік, ЖШС-ні тіркеуге 160-қа жуық өтінім берілген. Сондай-ақ, заңды тұлғалар туралы 3 мыңға жуық және жылжымайтын мүлік бойынша 200 мыңға жуық мәліметтер берілгені белгілі болды. Сонымен қатар, өткен жылы заңнамаларды өзгерту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді. “Мәселен саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңдар өзгертілді. Айта кетейік, бүгінде АХАЖ саласындағы рәсімді жеңілдету аясында туу туралы куәлікті алу рәсімін жеңілдетіп, оны электронды форматқа аударылғанын, енді құжатты электрондық үкіметтің ресурсы немесе Kaspi және Халық банкінің мобильдік қосымшалары арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады.

Бүгінгі таңда«eGovmobile» қосымшасында халыққа әділет органдары ұсынатын 37 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Өткен жылдың 20 шілдесінде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер осы ұйымдарды әр авторға жиналған сыйақылар мен олардан ұстап қалу сомалары туралы есеп жіберуге міндеттейді. Енді авторлар жиналған сыйақы туралы ақпарат ала алады.

Previous Post

Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс артып келеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Асар-2 тұрғын алабында табиғи газ құбыры іске қосылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі