Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Мақтаарал ауданында аудан әкімі мен аудандық білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағасының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Бала барлық үлгі-өнегені өзі шықққан отбасы мен ата-анасынан алады.Оның азаматтық келбеті, мінез-құлқы жанұядағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасады.Аяғын апыл-тапыл басқан сәби алғашқы қылықтарын ата-анасынан, аға-апаларынан көрген, үйренген үлгі бойынша жасайды.Не көрсе соны үйренуге, не естісе , соны айтуға тырысады.
Сондықтан да баланың алдында ата-ана үлкен жауапкершілік сезну керек. Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы туралы атақты педагог В.А Сухомлинский ьылай дейді: «Біз өз балаларымыздың құлағына нені сіңіріп, нені үйреткенімізден гөрі, өзіміз кім,біз қандай ой-ниеттеміз, сезім-түйсіктеріміз,тілектеріміз не,өзіміз үшін нені нені жақсылық,нені жамандық деп түсінеміз-міне осылар арқылы балаларымызды көбірек тәрбиелеиміз». Сіздер өз балаларыңызды өздеріңіздің әр қадамдарыңызбен , әр қылықтарыңызбен тәрбиелейсіздер ;ол-ол ма, тіпті өзіңіз үйдежоқта да тәлім бересіз.Егер сенің балаларыңды жамандаса,демек сенің өзіңді де жамандағаны.
Анаң мен әкең мейрімсіз,қатыгез долсаң, өзіңнің балаларың да сондай болмақ.Балаларыңа сенің беруге тиісті ең қымбат және өте қиынға түсетін бақыт – бұл адамдар үшін еңбек ету бақыты.
Жанұядағы еңбек тәрбиесі –барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан процес.Еңбек адамды мақсатқа , бақытты өмір сүруіне себебші болады.Сондықтан еңбек тәрбиесі-жанұя бақытының негізі.
А.С Макаренко: «адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе-жанұядағы еңбек тәрбиесі.»,-дейді.Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс,өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады» дейді.
В.А Сухомлинский «Еңбек адамның екінші анасы дейді»-халық. Әрбір ата-ана баласының тәртіпті, кішпейіл, еңбекке бейім боп өсуіне сәби жасынан ықпал етуі керек.Балаға жүктелетін жұмыс олардың шамасына лайықты болуы керек. Баланы 4-5 жасынан үй шаруасына көмектесуге үйреткен жөн. Мысалы ер балаларға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаларға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй жинау жұмыстарын тапсыру керек.Баланың тапсырлған жұмысты орындау кезіндегі сәтсіздігі үшін оған ұрсып , жігерін жастыуға болмайды, сол бала басқа бір жұмсты ұқыпты,ынталы орындауы мүмкін.Сондықтан жұмысты ата-ана әр баланың шамасына , икеміне лайықтап тапсыруы керек.Бұл жерде ата-ана жазалау , мадақтау сияқты тәрбие тәсілдерін орынды да , әділ және кішпейілділікпен қолдануы қажет.
Жанұядағы еңбек тәрбиесі- баланың мінез-құлықының қалыптасыуына себепші болаты негізгі фактор.Жақсы ұйымдастырлған , қолдауын тапқан, нәтижелі еңбек, баланы қуантып, оның сенімін арттырады, адамгершілік сезімін дамытады.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев 2022-2023 оқу жылындағы білім саласының ата-аналармен атқарған жұмысымен, келесі оқу жылына міндеттемелерді атап өтті. Өз кезегінде аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Маккамбек Оспанов, Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғалым Жұмәділов мырза сөз алды.
Жазғы уақыттары балалардың қауіпсіздігіне байланысты жұмыстары мен алдын алу шараларын қолдану туралы ата-аналарға үндеу жасады. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеудегі оңтайлы жолдарын қолдану туралы ұсыныс берді. Жиын өз дәрежесінде өтті.