Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» — тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, күн тәртібі бойынша жүргізіп отырды.
Мақсат — оқу жылының аяқталуы мен «Соңғы қоңырау» салтанатты іс шарасының мәселесі бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жайлардың алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауы және түрлі төтенше жағдайларды болдырмау болып саналады.
XXI ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры.Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасып, жаңа білім парадинмасы бірінші орынға баланың білім дағдысын қалыптастыру емес, тұлғаның ақыл-ойы, іс-әрекетін дамытуды көздеп отырғандықтан, мектепте жеке тұлға тәрбиелеп, оның ақыл-ой еңбегін арттырып, ой ұшқырлығын шыңдап, қоғамда ой-сана алуандығын жетілдіру, қоғаммен байланыстыру, өз ортасымен байланыс жасауын нығайту.
Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен ата-анадан, отбасы, ошақ-қасынан басталмақ. Дана қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қарым-қатынасына отбасы, отбасының қарым-қатынасы, отбасының психологиялық тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін білеміз. Ата-аналар мен мектептің басты мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, ұлтжанды, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Ендеше отбасында балаға берілетін тәрбиенің ауадай қажеттегі. Жасыратыны жоқ, қазір отбасы тәрбиесі үлкен маңызын жойып отыр, өйткені, ең басты белең алып отырған қасірет: үйдегі ата-ананың жұмыссыздығы, әркімнің бір жұмысын тұрақсыз істеуі-бала тәрбиесіне жеңіл қарауының салдары. Ата-аналар бала тәрбиесінде жауапкершілікті бәсеңдетпеуі тиіс. Ал ата-ана балаларына үлгі-өнеге көрсете алмаса, тәрбиелі бала өсу екіталай. Өйткені бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді. Бүгінгі ұрпақ өз отбасының мүшелерін сыйлау арқылы, Отанын, жерін, өз халқын сүюді бойына сіңіреді. Қазіргі кезде мектеп пен отбасындағы ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлылықпен қарау да орын алып отыр. Бұл күн көріс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті ата-аналар жиналысына келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы-ойландыратын-ақ мәселе.
Жиын барысында оқу жылының аяқталуы мен «Соңғы қоңырау» іс-шарасының өтуі, Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық оқиғалары мен жазғы сауықтыру жұмыстары, Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауы және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу туралы баяндамалар мен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбы бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, ата аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналысты аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы қорытындылап, түрлі байқау, олимпиадаларда жетістікке жеткен оқушылардың ата-аналарын марапаттады.