«Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен Білім беру ұйымдары арасында 2022-2023 оқу жылына арналған «Мектеп парламенттінің» қозғалысын дамытудың өңірлік жоспары іске асыру мақсатында Түркістан қаласы, «Фараб» кітапханасында «Мектеп парламенттері» оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдарын дамыту форумы өтті.
Форумның мақсаты білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу болып табылады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл Зияткерлік мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және зияткерлік мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Зияткерлік мектептердің оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік мектептерді басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және Зияткерлік мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Форумды «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы ашып, жалынды жастарға сәттілік пен шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі.
Форум соңында мектеп парламенттеріндегі өзекті мәселер мен ұсыныстар оқушылармен бірлесе отырып талқыланды. Форумға қатысушы оқушылар сертификатпен, жетекшілер Алғыс хатпен марапатталды.
Еске салсақ, «Мектеп парламенттері» оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары туралы министр:
— Әдетте оқушылар арасында сайлау ұйымдастырылып, мектеп парламентінің мүшелері сайланатын. Оның құрылымында атқарушы органдар да болуы мүмкін, олардың әрқайсысы өз бағытына жауап береді. Бұл жүйе оқушыларға басқарудың не екенін түсінуге, олардың саяси және құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Балаларға жауапкершілік жүктеп, өз бетінше әрекет етуге жағдай жасайды.
Мұның маңызы неде?
Ең алдымен оқушылар мектептегі барлық білім алушалардың мүддесіне сәйкес бастамалар көтеріп, тиісті шешім қабылдауды және оларды жүзеге асыруды үйренеді.
Мектептегі өзін-өзі басқару білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және бар мәселені бірлесіп шешуге өз ықпалын тигізеді.
Алдағы уақытта өзін-өзі басқару үрдісі де дебат ойындары сияқты мектептердегі, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналады.
Біз өз кезегімізде балалар мен жастардың шығармашылық және зияткерлік тұрғыда дамуына бағытталған жобаларды қолдайтын боламыз.
Мұндай кішігірім бастамалар біздің қоғам үшін өте маңызды. Пікірсайыстар мен өзін-өзі басқару жүйесі әлеуметтік капитал мен қоғамдық сенім деңгейін көтеруге де әсер етеді»,- деп жазды министр.