13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша қоғамдық тыңдау өтті

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамдық тыңдауға жиналған қала тұрғындары жаңа көше атауларға байланысты өз ойларын ортаға салды. Шымкент көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Аталған жиынға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Шымкент Көше атауларын нақтылау бойынша жыл басынан бері үш қаласы мәслихаты депутаттарынан құралған тұрақты комиссия мүшелері қатысты. — Көше атауларын нақтылау бойынша жыл басынан бері үш рет бас қостық. Бізге 211 құрамдас бөлікке, оның ішінде 11 шағынаудан, 197 көше, 1 аллея, 2 көшенің транскрипциясын түзеу мәселесі қарастырылған.

Жаңадан құрылған Тұран ауданында жүзден астам жаңа көше бар. Келешекте олардың барлығына да атау беріледі. Өйткені бұл жұмысты ширату қала тұрғындары үшін маңызды болып тұр. Көшелерде жаңа атаулар пайда болып, картаға енгізілсе, «Жедел жәрдем» секілді халыққа қызмет көрсетуші мекемелерге мекенжайды тауып бару жеңілдей түсер еді, — деді тұрақты комиссияның төрайымы Дария Қожамжарова. Жиында басқарма басшысы баяндама жасап, ұсынылған атауларды халыққа таныстырды. Дегенмен, ұсынылып отырған кейбір атаулар қолдау таппады. Қоғам белсенділері көше атаулары тұрғылықты жердің ерекшелігімен байланысып, құлаққа жағымды, отансүйгіштікке шақыратындай, рухты болуы керек, дейді. Қоғамдық тыңдауға жиналған қала тұрғындары жаңа көше атауларға байланысты өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында тұрақты комиссия бұл мәселені қайта қарайтындықтарын айтты. Қазіргі таңда қалада көше атаулары жазылған тақтайшаларға да мән беріле бастады. Бүгін осыған байланысты бірнеше көшенің дұрыс жазылмағаны айтылып, түзетуге ұсыныс жасалды.

Еске сала кетейік, қала аумағына кейіннен қосылған 40 елдімекенде атауы бірдей Ә.Молдағулова, М.Мәметова, А.Құнанбаев, Ю.Гагарин көшелері анықталған. Халық қалаулыларының жалпы тыңдалымында аталған көшелерге қайта атау беру мәселесіне қатысты ұсыныстар қаралған. Мысалы, Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Айсакөл, ал Еңбекші ауданы Жұлдыз тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Асубұлақ деп өзгерту енгізуді ұсынған.

Previous Post

Шымкент экспорт көлемін ұлғайтты

Next Post

ШЫМКЕНТ: 150-ге жуық қазандық орталықтандырылған жылыту жүйесіне өтеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі