13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 150-ге жуық қазандық орталықтандырылған жылыту жүйесіне өтеді

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 150-ге жуық қазандық орталықтандырылған жылыту жүйесіне өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында айтылды. Шымкент қаласы аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында айтылды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен — 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан — 3, спорт мекемелерінен — 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды. «Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды», — деді қала әкімі. Сондай-ақ, мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. Жалпы, қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын арттырады. Айта кетейік, жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары — Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды. Мұрат Дүйсенбекұлы өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертті. Сондай-ақ, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

Шымкент көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі