13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент экспорт көлемін ұлғайтты

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент экспорт көлемін ұлғайтты
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 миллион АҚШ долларын құрады. Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 404,4 млн АҚШ долларды құрады. Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков мәлім етті. Оның ішінде экспорт – 137,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға өскен. Жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 154,8 пайызды құрады. Бұл салада экспортталып жатқан өнімдер, атап айтқанда – 49,9 миллион АҚШ доллары көлемінде мұнай өңдеу өнімдері, 15,3 миллион АҚШ доллары сомасына тамақ өнімдері, 4,9 миллион АҚШ доллары сомасына фармацевтикалық өнімдері, 4,4 миллион АҚШ доллары сомасына машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар өндіру, 2,1 миллион АҚШ доллары сомасына өнеркәсіп үшін химикаттарды өндіру, 1,3 миллион АҚШ доллары сомасына өзге металл емес минералдық өнімдер өндірілген. Сондай-ақ, 9 миллион АҚШ доллары сомасын резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, 6 миллион АҚШ доллары сомасын қағаз және қағаздан жасалған өнімдер шығарылған.

Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Қытайға жөнелтілген. Ал өңдеу өнеркәсібінде қаладағы (тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру т.б салаларында) 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. Экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа шығаруда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, экспорт жөніндегі өңірлік кеңесі өткізілді. Бұдан бөлек, экспорт және халықаралық сауда бойынша оқыту курстарының сессиясы ұйымдастырылып, іс-шараға қаладан 30 кәсіпорын қатысты. Аталған іс-шараларда кәсіпкерлерді қолдау, экспортқа өнім шығарудың тетіктері қарастырылды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар салынады

Next Post

Шымкент көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі