13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

22 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы әскери шақырылымға 310 азамат жөнелту жоспарланған.

Шымкент қаласында 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Жергілікті әскери басқару органдарында ер азаматтарды әскери шақыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңінде шақырылушылар мен олардың ата-аналарымен Отан қорғау, Конституциялық борыш, әскер қатарына жөнелту дайындығы мен әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер жөнінде сұхбат жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарын қоса жүргізуде.

Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мәліметінше, былтыр екі ауданнан 345 азамат Отан қорғауға аттанған. 2023 жылы әскери шақырылымға 310 азамат жөнелту жоспарланса, оның 307-і (Еңбекші – 213, Қаратау — 94) әскери борыштарын өтеуге аттанды. Ал Тұран ауданында 7 азамат әскерде борышын өтеуде. Айта кетейік, сарбаздар бірінші кезекте ҚР Қарулы күштер, ҚР Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, ҚР Ұлттық Ұлан қызметіне, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне, ҚР ТЖМ әскери бөлімдерге жіберіледі.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы №127 орта мектебінде «Айбын – 2023» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық кезеңі бойынша мектеп оқушылары арасында әскери ойын түрлерінен іріктеу жарысы өтті. Шымкент жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отан сүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық іріктеуден өткен 120 жас сарбаздан құралған 8 команда өзара бақ сынасты. Сәуір айынан бастау алған бұл сайыста мектепішілік 30-мыңға жуық оқушылар, бөліктік сайыстарда 12 мыңға жуық оқушылар, аудандық сайыстарға 3500-дей оқушылар іріктеліген болатын.

Previous Post

Шымкентте контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады

Next Post

ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Әл-Фараби ауданы газбен толық қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі