13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Әл-Фараби ауданы газбен толық қамтылады

22 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Әл-Фараби ауданы газбен толық қамтылады
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 2023 жылы табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады. 2022 жылы Ақтас-2 елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 195-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгінде Әл-Фараби ауданында ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр. 2022 жылы Сәуле шағын ауданында Жаңабазар көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту жұмыстарын «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді. Сонымен қоса, «Текесу» елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталды. Ал, Абай ауданы бойынша 2022 жылдың соңында ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабы ғана болатын. Бүгінде бұл елді мекенде 493 үйге, яғни 1540 абонентке ауыз су құбыры тартылған. Ауыз су тарту бойынша 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның құны 7,1 миллиард теңгені құрайды.

Мердігер компания «Мелиоратор» ЖШС. Айта кетейік, қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100%-ға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданында 20-дан астам көшеге жөндеу жүргізіледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі