13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады

22 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл үшін бос жер учаскелерін анықтау жұмыстары басталды. Шымкент қаласында контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады. Шымкентте қала тазалығы күн тәртібіндегі мәселе. Қазіргі таңда қаланы таза ұстау, қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, қала аумағында бүгінде 610 қоқыс алаңшасы, 2627 қоқыс контейнері, 205 сеткалы контейнер, 125 фракция (құрғақ және дымқыл) контейнер орнатылған. Сондай-ақ, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған 50 контейнер, нан қалдықтарын жинауға арналған 200 дана бөшке қажетті орындарға қойылған. Шаһарда Ақтас-1 елді мекенінде ауданы 29 гектарды құрайтын қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істеп тұр.

Жауапты мамандар сөзінше, осы жылдың 1-ші тоқсанында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 26,3 пайызды құраған. Айталық, қоқыс полигонына әкелінген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 52 813,22 тонна, сұрыптауға жіберілген қоқыс көлемі 13 870,803 тоннаға жеткен. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың ірі көлемді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына арналған көлемі 8 текше метрлік контейнер орнату бойынша жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл үшін бос жер учаскелерін анықтау жұмыстары басталды. Атап өтсек, биыл қалдықтарды фракциялар (құрғақ және дымқыл) бойынша жинау үшін 125 контейнер, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға 50 жаңа контейнер сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының мәдениетін қалыптастыру және экологияны жақсартуда қалдықтарды сұрыптауға арналған заманауи мобильді пункттер орнатылатын болады. Айта кетейік, Шымкентте қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатыла бастады Бұл пилоттық жоба алғаш рет Қаратау ауданы аумағында жүзеге асып отыр. Мұнда қойылған контейнерлерде 8 көпқабатты тұрғын үйдің тұрмыстық қалдығы сұрыпталады. Бұл бағытта алғашқыда арнайы бір қызметкер жұмыс істейді. Ол темір, пластик заттар мен шыны, қағаз және тамақ қалдықтарын бөліп отырады. Кейін тұрғындардың қалдықты сұрыптап тастау мәдениеті қалыптасқан соң, жоба өздігінен іске қосылады.

Previous Post

Шымкент жоғары медициналық колледжі спорт залмен қамтылады

Next Post

ШЫМКЕНТ: 300-ден аса сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі