13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент жоғары медициналық колледжі спорт залмен қамтылады

22 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент жоғары медициналық колледжі спорт залмен қамтылады
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Елімізде орта буын медицина қызметкерлерін даярлау ісінде тоқсан жыл бойы үздіксіз білім беріп келе жатқан Шымкент жоғары медициналық колледжінің ғимараты биыл арнайы спорт залмен қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамту. Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады.

Спортзал аумағы 552,2 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта асхана, киім ауыстыру бөлмелері болса, екінші қабатта фитнес зал және оқу кабинеттері қарастырылған. Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 123,4 миллиард теңгеге 156 нысан салу жоспарланған. Спикердің сөзінше, қазіргі таңда 74 жобаның құрылысы басталып, 5,8 млрд теңге игерілген. Жыл соңына дейін 94 нысанның құрылсын аяқтау көзделген. Басқарманың 1-тоқсанда атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша 2 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған. 13 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болып отыр.

Сондай-ақ, 2023 жылы қаладағы 3 төтенше жағдайлар нысанның құрылысы қарқынды жүргізіледі. Атап айтатын болсақ, ӘІО 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы мен Түркістан көшесіндегі 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, сондай-ақ, Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосына құрылыс жүргізіледі. Сонымен қатар, Шымсити шағын ауданында 2 саябақтың құрылысы басталса, Қазыбек би көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау көзделгеліп отыр. Одан бөлек, биыл 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланған. Ал, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Қарабастау су құбырының құрылысы 50%-ға орындалды

Next Post

Шымкентте контейнерлер орнату бойынша жаңа жоба іске қосылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі