13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі»: Шымкентте оқушылармен кездесу өткізілді

18 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
«Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі»: Шымкентте оқушылармен кездесу өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия оқушылары арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталған шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат Шоқанұлы қатысты.

Дін саласының маманы діннің бала тәрбиесі мен оның қоғамдағы рөлі қандай екеніне тоқталып, жат ағымның адам өмірі мен елімізге әкелер қауіпіне тоқталды. — Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптаса отырып, кемелдену құбылысын жүзеге асырады. Сондықтан діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ, — деді теолог маман Самат Уалихан. Қаламыздағы жастар арасында діни сауаттылықты арттыру бағытында тұрақты кездесулер өткізіліп келеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында Теріскей ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жоба жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында қолға алынған. Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданының әкімі белсенді жастармен кездесті

Next Post

ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 10-ға жуық мектеп салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі