13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 10-ға жуық мектеп салынады

19 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 10-ға жуық мектеп салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда аудан аумағында 29 мектеп бар. Шымкент қаласы Абай ауданында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 29 мектеп бар. Оның ішінде 16-сы жекеменшік. Аудан мектептеріндегі орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп” ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарланып отыр.

2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда. Атап айтқанда:
1. Нұршуақ шағынауданында 2000 орындық мектеп;
2. Нұршуақ шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
3. Жаңатұрлан шағынауданында 1200 орындық мектеп;
4. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп. Ал, 2024-2025 жылдары:
5. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп;
6. Шымкент Сити шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
7. Достық шағын ауданында 2000 орындық мектеп салынады.

Сондай-ақ, Абай ауданы аумағында 2023 — 2024 жылдары денсаулық сақтау нысандардары да салынады. Оның ішінде, Ынтымақ шағын ауданында №14 емдеу орталығының филиалы болса, Қайнар бұлақ саяжайы және Қайнар бұлақ тұрғын алабына жеке инвестор есебінен 2024 жылы емхана салу үшін жер телімі қарастырылуда. Одан бөлек, 2023-2024 жылдар аралығында аудан аумағын тағы төрт нысанмен толықтыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Шымсити» шағын ауданындағы «Конгресс холл», Көкбұлақ тұрғын алабыдағы «Көкбұлақ» мәдениет үйі, Қайнарбұлақ тұрғын алабының мәдениет үйі және Асар-2 шағын ауданында мәдениет үйін салу үшін жер телімі қарастырылуда. Бүгінгі таңда Абай ауданына қарасты 6 мәдени нысан бар. Айта кетейік, Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында 18 алаңша салынады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жобалардың жалпы құны 497,5 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе мөлтек аудандарында 15 әмбебап спорт алаңшасы, Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 3 спорт алаңшалары салынады.

Previous Post

«Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі»: Шымкентте оқушылармен кездесу өткізілді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ тұрғын алабында 500-ге жуық үй ауыз сумен қамтылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі