13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданының әкімі белсенді жастармен кездесті

18 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданының әкімі белсенді жастармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған кездесудің мақсаты – билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната отырып, емін-еркін пікір алмасу.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы мен Еңбекші ауданы АПБ полиция полковнигі Амзеев Алмас Балтабайұлы ауданның рухани-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген талантты жастар, жас ғалымдар, волонтерлер, қоғамдық ұйым мүшелері мен әр саланың белсенді жастарымен еркін форматта сұхбат құрды. Аталған кездесудің мақсаты – билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната отырып, емін-еркін пікір алмасу.

Кездесуде Досбол Күздікбайұлы өзінің қызмет саласында атқарып жүрген жұмысына тоқталып, жастар саясатына қатысты біршама жоспарлармен бөліссе, Еңбекші ауданы АПБ полиция полковнигі Алмас Балтабайұлы қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесу барысында жастар спикерлерге жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, жас кәсіпкерлерді қолдау мен заң аясында түрлі сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Белсенді жастардың ойы мен ұсыныстарын тыңдаған аудан әкімі, жастарға сенім артатынын жетізіп, игі істердің басында жүрген ұл-қыздарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, аудан белсенділерін жастар саясатына үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында Теріскей ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Previous Post

Түркістан: Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде кедергілерге тап болған бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалды

Next Post

«Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі»: Шымкентте оқушылармен кездесу өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі