13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуықта ғана Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы қалада спорт кешенін салу мақсатында инвесторлар тарту мәселесін қозғаған болатын. Ол жиында қоғамдық кеңес мүшесі М.Асилов, Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспулов, Дарбаза ауылдық округінің әкімі Б.Ауезов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Н.Ахментаев қатысты. Аудан жастарына жақсы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар қаралды.

Аталған кездесуде спорт кешенін салуға инвестор тарту мәселесі жан-жақты талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. М.Асилов спорт кешенін салуға инвестор болуға келісім берген азаматтардың бар екендігін айтып, спорт кешенінің дайын жобасымен таныстырды. Жоба бойынша спорт кешенінде заман талабына сай жатақхана, асхана, спортпен шұғылдануға арналған арнайы зал қарастырылған. Спорт кешенінің жобасымен танысқан аудан әкімі қала әкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына спорт кешеніне арнайы жерді заңдастырып беруді тапсырды.
Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында «Келес Стройблок» ЖШС-нің өкілдері аудан әкіміне керамзит зауытының дайын бизнес жобасымен таныстырды. Айта кетсек, керамзит зауыты бүгінгі таңда Кентау қаласында өз жұмысын жүргізіп, өндірістік кәсіпкерліктің дамуына өз үлестерін қосуда.
Осыған орай, инвесторлар аудан аумағынан аталған зауыттың құрылысын бастауды ұсынып, арнайы бөлінген жерді заңдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Инвесторлармен тілдескен аудан басшысы Арман Абдуллаев аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына зауытқа бөлінген жерді заңдастыру жұмыстарын тездету бойынша арнайы тапсырма беріп, инвесторлардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жалпы ел экономикасының мықтап нығаюына білім саласының маңызы зор. Осыған байланысты аудан басшысы Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекеніне арнайы барып, 300 орындық №23 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады. Айта кетсек, қазіргі таңда нысанның іргетасы қаланып, ғимараттың шатыры жабылып, терезелері де орналастырылған.

-Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру маңызды — деді аудан басшысы.
Келесі кезекте аудан әкімі Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекеніндегі 200 орындық №40 Н.Әбдіров мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мектептің құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі қазаншұңқыр топырағын нығыздау жұмыстарының сапасы күмән тудыруына байланысты геологиялық сараптама қорытындысын қайта алғанша құрылыс жұмыстарын тоқтатуға ұсыныс берді.

Биыл ауылдарға ерекше көңіл бөлініп, қолдау көрсету жылы саналады. Осы мәселе төңірегінде аудан басшысы Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық ауылдық округіне қарасты Бесқұдық елді мекеніне арнайы барып, ауылдың жағдайымен танысты. Елді мекен тұрғындарымен жүздескен аудан басшысына тұрғындар тарапынан тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру және ауыз су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс пікірлерін айтты.

Мәселерді мұқият тыңдаған аудан басшысы, алдағы уақытта айтылған мәселелер бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заңға сәйкес жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Аталған елді мекенде, құрылысқа қажетті -40, +40 градусқа төзімді табиғи тас өндіру кені орналасқан. Сондай-ақ, Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округі, Сөк-сөк елді мекеніне арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған елді мекендегі төрт түлікті бағуға арналған арнайы қораларды кеңейтіп, мал басын көбейтіп отырған шаруалармен кездесіп, мәселелердің мән-жәйін тыңдады.

— Елді мекенге арнайы өздеріңізбен жүздесуге келіп отырмын. Мақсатым ауылдың жәй-күйімен танысып, өздеріңізбен ашық сұқбат құрып, мәселеріңізді тыңдау. Елді мекенде атқарылатын жұмыс көп екенін көріп отырмын. Алдағы уақытта айтылған мәселелер жол картасына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетін болады, — деді аудан басшысы.

Кездесу соңында тұрғындар аудан басшысына ризашылығын білдіріп, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ - ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Колледж ұстаздары ескі көліктен электромобиль құрастырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі