13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ — ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ — ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы оқу жылында 6 команда облыстық Ұлттық Мектеп лигасында жүлделі І-орынды иеленіп, республикалық лигаға жолдама алды.

20 сәуір мен 10 мамыр аралығында Павлодар және Астана қалаларында өткен жарыста осы 6 команданың екеуі Республикалық жарыста І-орын алды.

Атап айтқанда, Далабазар жалпы орта мектебінің баскетбол командасы және №62 М.Анартаев атындағы жалпы орта мектебінің футбол командасы.

Ал, Айша бибі атындағы жалпы орта мектебінің футбол командасы ІІ-орын иеленді.

№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің волейбол командасы мен №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінің волейбол командасы 19 команданың ішінде 5 орынға тұрақтады.

Бүгін жеңімпаздарды аудан жұртшылығы зор қошеметпен күтіп алды.

Енді маусым айында 5-6 сынып оқушылары арасында Алматы облысында өтетін Республикалық жарысқа Далабазар жалпы орта мектебінің оқушылары спорттың баскетбол түрі бойынша қатысатын болады. Оқу-ағарту министрлігі Ұлт­тық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының хабарлауынша, aиналдық ойындар Астана қаласы, Алматы және Павлодар облыстарында 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар бойынша 31 наурыз бен 6 маусым ара­лығында топтастырылып өт­кізілуде.

– Лиганың алғашқы жа­рыс­та­ры елордада 9-11 сынып оқу­шы­ла­ры арасында бас­тал­ған. Жарыстар 8 мамырға дейін жалғасады. 7-8 сыныптар ара­сын­дағы Павлодар қаласында өтетін жарыстар 18 сәуір – 8 ма­мырға жоспарланған. Ал 5-6 сынып оқушылары 15 мамыр – 6 маусым аралығында Алматы облысында мықтыларды анық­тай­ды, – деді орталық директоры Сағдат Садықов.

Ұлттық мектеп лигасы аясын­да 30 жарыс бойынша респуб­ликалық кезеңге бес мың оқу­шы жолдама жеңіп алған. Мек­теп лигасының іріктеу жарыс­тары республиканың барлық айма­ғында оқу жылы­ның басынан сәуір айына дейін өтті. 2022-2023 оқу жылында мектепішілік, аудандық, қа­лалық/облыстық кезеңдерге екі миллионнан астам оқушы қатысқан.

Previous Post

АРЫСТА "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП-ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі